Tilda Publishing
Всем учить
казахский
с Qazline!


Қорытынды

Жауапкершілік пен тәртіпке байланысты ескерту!

Біздің мектепте әр мұғалімнің жұмысына құрметпен қараймыз және сенім артамыз. Оқушылармен тұрақты әрі сапалы жұмыс жүргізу – бәріміздің ортақ мақсатымыз.

Алайда, оқу процесінің жүйелі жүруі үшін кейбір тәртіп бұзушылықтарға қатысты төмендегідей жауапкершілік шаралары (айыппұл) қарастырылған:
Сабақ кестесі мен кесте кестесін дұрыс толтырмау – 2000 теңге;
Алғашқы 8 сабақты басқа күнге ауыстыру – 2000 теңге;
Ұжымдық жиналысқа қатыспау – 2000 теңге;
Сабақ жазбасын 72 сағат ішінде жібермеу – 2000 теңге.

Бұл ережелер – тәртіпті сақтау мақсатында қолданылатын ең соңғы шара екенін ерекше атап өткіміз келеді.

Біз әр мұғалімнің өмірінде әртүрлі жағдайлар болатынын жақсы түсінеміз. Сондықтан кез келген форс-мажор, денсаулыққа немесе отбасылық жағдайға байланысты мәселелер міндетті түрде ескерілетін болады.

Ең бастысы – байланыста болу және алдын ала ескерту. Біз сіздерге сенеміз және қолдаймыз! Тәртіп – сенім мен серіктестіктің берік негізі екенін ұмытпайық.

Мектебімізде айыппұл мен ескертулерден бұрын, арнайы ынталандыру жүйесі бар екенін атап өткіміз келеді:
  • Ай сайын үздік мұғалімдерге арналған номинациялар мен сыйлықтар;
  • Бізбен ұзақ уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан ұстаздарға арнайы үстемақы жүйесі;
  • Айына өткізілген сабақтар саны 72-ден жоғары болған жағдайда, әр сабақ үшін қосымша ақы;
  • Оқушылар тарапынан видео, аудио, мәтін түрінде берілген пікірлер үшін қосымша ақы;
  • Жыл қорытындысы бойынша үздік мұғалімдерді марапаттау.
Made on
Tilda