Менің атым – Айдана. Мен 7-сыныпта ...(1) . Менің армандарым көп. Соның бірі – ...(2) қаласына бару. Дубай – Біріккен Араб Әмірліктерінде ...(3) үлкен және әдемі қала. Ол жерде биік ғимараттар, заманауи технологиялар және ...(4) жағажайлар бар. Мен Бурдж Халифа ғимаратын ...(5) келеді. Ол – әлемдегі ең биік ғимарат. Сондай-ақ, мен шөл далада ...(6) мініп серуендегім келеді. Дубайда аквариумдар мен ойын-сауық орталықтары көп. Мен солардың ...(7) көргім келеді. Мен ...(8) тілін оқып жүрмін. Себебі шетелге барғанда ағылшын тілі керек болады. ...(9) отбасыммен бірге Дубайға барып, әдемі жерлерді ...(10) келеді. Ол үшін сабақты жақсы оқып, көп білім алуым керек.
2-ТАПСЫРМА
Ответь на вопросы по тексту.
Айдана нешінші сыныпта оқиды? Айдананың қандай арманы бар? Дубай қай елде орналасқан? Дубайда қандай биік ғимарат бар? Ол шөл далада не істегісі келеді? Дубайда қандай қызықты орындар көп? Айдана қай тілді оқып жүр? Айдана Дубайға кіммен барғысы келеді?
3-ТАПСЫРМА
Составь предложения кто куда хочет поехать?
Арман, Испания. Арман Испанияға барғысы келеді. Аслан, Исландия. Аяулым, Түркия. Мира, Германия. Гүлім, Австрия. Шолпан, Америка. Денис, Қазақстан. Дима, Тайланд. Жазира, Вьетнам.
4-ТАПСЫРМА
Прочитай диалог.
Айдана: Сәлем, Алишер! Жазда не істегің келеді? Алишер: Сәлем, Айдана! Мен жазда ауылға барғым келеді. Табиғатта демалғым келеді. Айдана: Керемет! Мен де ауылға барғым келеді. Әжеммен бірге бау-бақшада жұмыс істегім келеді. Алишер: Мен тауға шыққым келеді. Сонымен қатар, достарыммен футбол ойнағым келеді. Айдана: Мен де достарыммен жиі кездескім келеді. Велосипед тебуді үйренгім келеді. Алишер: Егер мүмкіндік болса, мен теңізге барғым келеді. Айдана: Мен де! Күнге қыздырынғым келеді, суға шомылғым келеді. Алишер: Демалысым жақсы өтсе екен! Айдана: Иә!