Біз үстел үстілік компьютерлерді жұмыста, үйде, мектепте, кітапханада және тағы басқа жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Ол пернетақта, тінтуір, монитор және жүйелік блоктан тұрады. Көптеген үстел үстілік компьютерлерді жаңарту, жетілдіру немесе ішіне жаңа
бөлшектер салу оңай. Үстел үстілік компьютерлердің тағы бір артықшылығы – олардың бағасы. Егер қызметі жағынан бірдей болатын үстел үстілік компьютер мен ноутбукты салыстыратын болсаңыз, бағасы жағынан үстелік үстілік компьютер арзанырақ болатынын байқайсыз.
Тест
1. Үстел үстілік компьютерлерді қайда қолданамыз?
А) үйде, мектепте, кітапханада
Ә) әуежайда, кинозалда
Б) аулада, мектепте
2. Олар қандай бола алады?
А) орташа,шағын
Ә) орташа,кішкентай,үлкен
Б) ауыр,жеңіл
3. Үстел үстілік компьютерлердің артықшылығын ата.
А) бағасы
Ә) көлемі
4. Үстел үстілік компьютер .... тұрады.
А) пернетақта, ноутбук,блок
Ә) ноутбук,тінтуір
Б) пернетақта, тінтуір, монитор және жүйелік блок
5. Бағасы жағынан қай компьютер арзанырақ?
А) үстелүстілік компьютер
Ә) ноутбук
Б) екеуі де бірдей