Ертеде Ақтөс атты кішкентай күшік (щенок) болыпты. Ол кішкентай үйшікте (домик) тұрыпты. Оның басы ақ, екі аяғы ақ, екі аяғы қара, мұрны қара болыпты.
Бір күні аулада кішкентай үш балапанды (цыпленок) көріпті. Олар сары және үлпілдек (пушистый) болыпты. Ақтөс балапандармен ойнағысы келіпті. Ол балапандарды қуыпты (гнался), ал балапандар одан қашыпты (убегали). Олар аналарын шақырып (позвав): «Шиқ-шиқ», - депті. Сол кезде тауық оларды көріпті. Тауық қатты ашуланыпты (рассердилась). Ол Ақтөсті шоқып алыпты (заклевал). Ақтөс: «аф-аф», - депті. Сосын жылап, өз үйшігіне тығылып қалыпты (спрятался). Содан бері (с тех пор) Ақтөс балапандармен ешқашан ойнамапты.