Менің мектебім
Сәлем, достым! Менің атым - Мақсат. Мен Семей қаласында тұрамын. Мен 14 жастамын. Осы жылы 8-сыныпты бітірдім. Жақында жазғы демалыс аяқталады. Сабақтың басталуына 1 ай қалды.
1-қыркүйекте барлық оқушы мектепке барады. Мен мектепке әдетте автобуспен барамын, кейде әкем мені мектепке машинамен апарады. Менің мектебім үш қабатты. Мектептің айналасында ағаштар, шыршалар, гүлдер өсіп тұр. Мектептің артында футбол ойнайтын стадион бар. Мектептің ішінде өте көп сынып бөлмелері бар. Бірінші қабатта спортзал, асхана және өте көп сынып бөлмелері бар. Ал екінші қабатта мұғалімдер бөлмесі, әртүрлі үйірме бөлмелері бар. Менің сыныбым үшінші қабатта. Біздің сынып кең және өте әдемі. Сыныпта 30 парта бар. Қабырғада интерактивті тақта және екі компьютер бар. Терезенің алдында әдемі гүлдер өсіп тұр.
Біздің сыныпта 30 оқушы бар: 15 ұл және 15 қыз. Біздің сынып жетекшіміздің аты-жөні - Қожабаева Айгүл Амангелдіқызы. Мен сыныбымды жақсы көремін. Біз бәріміз тату сыныппыз.
Новые слова:
Жақында - скоро
Аяқталады - закончатся
Қалды - осталось
Кейде - иногда
Апарады - отвозит
Үш қабатты - трехэтажный
Шыршалар - ели
Өсіп тұр - растут
Мұғалімдер бөлмесі - учительская
Үйірме - кружок
Сынып жетекшіміз - классный руководитель
Тату - дружный