Жаңа сөздер:таңғы ас - завтрак
түскі ас - обед
кешкі ас - ужин
пайдалы - полезный, полезно
содан кейін - после этого, потом, затем
Мен кеше ұйқыдан сағат 09:00 (тоғызда) ояндым. Төсек жинадым, жуындым, таңғы жаттығу жасадым, киіндім, таңғы ас іштім. Таңғы асқа екі жұмыртқа мен бір кесе шай іштім. Содан кейін досыммен далаға ойнауға шықтым. Үйге келіп, түскі ас іштім. Мен түскі асқа ыстық сорпа іштім, өте дәмді, пайдалы салат жедім. Содан кейін интернетте отырдым, әртүрлі видео көрдім. Кешке әкем жұмыстан келді, ал анам кешкі ас пісірді. Мен кешкі асқа дәмді палау жедім. Кешке тағы да далаға шықтым. Достарыммен ойнадым. Содан кейін үйге келіп жуындым, кішкене кітап оқыдым және сағат 22:00 (онда) ұйықтадым.
- Ал сен ше? Кеше не істедің?