Қызы: Анашым, мына кәмпитті сатып алуға бола ма?
Анасы: Жоқ, қызым, алуға болмайды. Бұл кәмпит тіске зиян. Тісің ауырады.
Қызы: жарайды, ал, мына шырынды алуға бола ма?
Анасы: Бұл шырынның газы бар, ол да өте зиян. Басқа шырын ал.
Қызы: Мынау ше? Апельсин шырынын алуға бола ма?
Анасы: Иә, апельсин шырыны өте пайдалы. Алуға болады.
Қызы: Алақай!
Анасы: Жүр, кассаға барайық!