1-диалог:
Әсел: Әсем, қара, менде мынадай әдемі көйлек бар!
Әсем: Қандай әдемі көйлек! Сен бұл көйлекті қайдан сатып алдың?
Әсел: Мен бұл көйлекті анаммен Мегадан сатып алдым. Ұнай ма?
Әсем: Иә, өте ұнайды. Маған да осындай көйлек керек.
2-диалог:
Ая: Әли,саған қандай киімдер ұнайды?
Әли: Маған спорттық киімдер ұнайды. Ал саған ше?
Ая: Маған әдемі, қысқа көйлектер, белдемшелер ұнайды.
Әли: Сен әдетте киімдерді қайдан сатып аласың?
Ая: Мен әдетте киімдерді Мегадан сатып аламын. Ал сен ше?
Әли: Мен кейде мегадан, кейде базардан сатып аламын.