Мұғалім: Оқушылар, сендер мектепке немен барасыңдар?
Аида: Мен автобуспен, кейде таксимен барамын.
Самал: Ал мен метромен барамын. Кейде жаяу (пешком) барамын.
Мұғалім: Ал үй жұмысын кіммен бірге орындайсыңдар?
Аида: Мен үй жұмысын әпкеммен бірге орындаймын.
Самал: Мен үй жұмысын репетитормен бірге орындаймын.
Мұғалім: Ал далада кіммен ойнайсыңдар?
Аида: Мен достарыммен ойнаймын.
Самал: Мен сіңліммен, достарыммен ойнаймын.