Сәлем, достар! Қалдарың қалай? Менің атым - Шолпан. Мен екінші сыныпта оқимын. Бүгін анаммен дүкенге барамын. Дүкеннен оқу құралдарын сатып аламыз.
Алдымен сағат он бірде үйден шығамыз. Сосын аялдамаға барамыз. Аялдамаға дейін 15 минут жүреміз. Сосын автобусқа отырамыз. Автобуспен Мегаға барамыз. Мегадан дәптер, кітап, сөмке, өшіргіш, сызғыш сатып аламыз. Сосын фудкортқа барамыз. Фудкордтан бургер немесе суши аламыз. Сосын таксимен үйге қайтамыз.
Новые слова:
Оқу құралдары - школьные принадлежности
Алдымен - сначала
Аялдамаға дейін - до остановки